Рамзан Қадыровтың 18 жасар ұлы Росгвардиядан марапат алды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: t.me

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы, Шешенстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Адам Қадыров Ресейдің Ұлттық гвардиясы – Росгвардияның құрмет грамотасын алды.

Бұл ақпаратты Шешенстан басшысының көмекшісі Магомед Даудов 8 желтоқсан күні өзінің Telegram-арнасында жариялаған. Алайда марапаттың нақты қандай еңбегі үшін берілгені ресми түрде нақтыланбаған.

Даудовтың айтуынша, бұл марапат Адам Қадыровтың Росгвардия бөлімшелеріне көрсеткен жеке үлесі мен белсенді қолдауы үшін табысталған.

Айта кетейік, небәрі 18 жасында Адам Қадыров Шешенстанның ең жоғары марапаттары Қадыров ордені, Шешенстан Батыры медалі, сондай-ақ Қарашай-Шеркесия мен Кабардин-Балқария алдындағы еңбегі үшін орден, Татарстанның беделді «Дуслык» ордені, «Шешен Республикасының қорғаушысы» медалі және басқа да наградаларға ие болған.

Бұдан бөлек, оған Грозный қаласының Құрметті азаматы атағы берілген.

.Биылғы сәуір айының басында Адам Қадыров Ресей Ішкі істер министрлігінің Шешенстан басқармасына куратор болып тағайындалды. Кейінірек 17 жасында Шешенстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымын атқарғаны белгілі болды.

2023 жылдың қарашасында, бар болғаны 15 жасында, ол әкесінің қауіпсіздік қызметін басқарды. Осылайша Адам Қадыров Ресей рекордтар кітабына аймақ басшысының қауіпсіздік қызметінің ең жас жетекшісі ретінде енді.

Сондай-ақ оқыңыз