Ресейлік «Роснефть» КҚК жобасынан шығуы мүмкін бе

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Юрий Березнюк / ТАСС

Владимир Путин «Роснефть» және Shell-ден құрылған ортақ компанияға «Каспий  құбыры консорциумындағы» акцияларымен мәміле жасауға рұқсат беретін бұйрыққа қол қойды. Ортақ компания Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited деп аталады.

«Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited акционерлік қоғамына «Каспий Құбыр Жолы Консорциумы-Р» акцияларына меншік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқықтарын тікелей және (немесе) жанама түрде белгілеуге, өзгертуге, тоқтатуға не оларды ауыртпалыққа түсіруге әкелетін мәмілелерді (операцияларды) жасауға рұқсат беру», – деп жазылған құжатта. 

Нақты қандай мәміле түрі екені белгісіз. Бірақ бұл Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited  КҚК-дағы өзіне тиесілі 7,5% үлесін сатып жібере алады дегенді білдіреді.  

«Каспий құбыр желісі консорциумы-Р» Қазақстан мен Ресейдің мұнай кен орындарын Новороссийск теңіз терминалына қосады. Құбыр ұзындығы 1,5 мың шақырым. Бұл жүйе – Қазақстан мұнайының негізгі экспорттық бағыты, елден шығарылатын мұнайдың 80%-дан астамы осы құбыр арқылы тасымалданады.

2024 жылы консорциум 63,01 млн тонна мұнай айдады, ал 2025 жылы шамамен 72–74 млн тонна тасымалданады деп жоспарланған.

КҚК акционерлері қатарында:

  • Ресей Федерациясы («Транснефть» басқаруында – 24%, балансында – 7%),
  • Қазақстан («ҚазМұнайГаз» –  19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC –  1,75%),

Chevron, LUKOIL, Mobil, BG Overseas Holding Limited, Eni International N.A. N.V., Oryx Caspian Pipeline LLC компаниялары бар.

Қараша соңындағы Украина дрондары КҚК-ға шабуылдап, бірнеше нысанға зақым келді.

Осыдан кейін экспорт шектеліп, Қазақстанның мұнай өндірісі азайды.

Сондай-ақ оқыңыз