Қазақстан мен Ресей шекарасында жер сілкінді
Жарияланды

Қазақстан мен Ресей шекарасына жақын маңда, Алтай өңірінде жер сілкінді. Дүмпу магнитудасы – 5 балл. Бұл туралы Қазақ ұлттық деректер орталығы хабарлады.
Мекеме мәліметінше, жер сілкінісі 9 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 15:36-да тіркелді. Дүмпу ошағы қазақ-орыс шекарасына өте жақын маңда, Өскемен қаласынан шығысқа қарай шамамен 200 км жерде орналасқан.
Естеріңізге сала кетейік, бір тәулік бұрын Жапонияның солтүстік-шығысында 7,6 баллдық жер сілкінісі болды. Оның алдында Анталья мен Кипрде жер сілкінді.
2025 жылғы 4 желтоқсанда түсте Алматыдан 277 шақырым жерде, Қытай аумағында жерасты дүмпуі тіркелді. Ол Қазақстан мен Қырғызстан аумағында да сезілді.