Союз ғарыш кемесі Жезқазған маңына қонды (фото)

Союза МС-27 экипажы Жерге оралды. Үш ғарыш отырған аппарат Жезқазған қаласы маңындағы ауданға қонды. «Роскосмос» телеграм-арнасында ғарышкерлерді күтіп алу сәтінен тікелей эфир жүргізді.
Ресейлік екі ғарышкер Сергей Рыжиков пен Алексей Зубрицкий, сонымен бірге NASA ғарышкері Джонатан Ким Халықаралық ғарыш станциясынан оралды.

Аппарат Астана уақытымен сағат 10:04-те қонды. Ғарышкерлерді ондаған құтқарушы күтіп алды. Капсуладан бірінші шыққан Сергей Рыжиков харышқа сапар «сәтті аяқталғанын» айтты. Содан кейін құтқарушылар тобы Зубрицкий мен Кимді алып шықты. Бәрінің жағдайы жақсы.

Ғарышкерлерді күтіп алу, капсуладан шығару және тексеру шамамен бір сағатқа созылды.
Ал Халықаралық ғарыш станциясында «Союза МС-28» кемесінің экипажы жұмыс істеп жатыр. Олар Байқоңырдан 2025 жылғы 27 қарашада ұшқан. Кеме ғарышқа көтерілген уақытта айлақтағы техникалық конструкция сынғаны кейін мәлім болды. Сол себепті Байқоңырдан ұзақ уақыт, тіпті екі жыл бойы зымыран ұшпауы мүмкін.