Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
Жарияланды

Президент Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдау кезінде бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық барлық бағытта дамып келе жатқанын айтты.
Ақорданың ақпаратына қарағанда, Тоқаев саяси диалог бұрын-соңды болмаған қарқынды сипат алғанын атап өтті.
Қазақстан президенті жуырда Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапарының және Владимир Путинмен жүргізген келіссөздердің табысты өткеніне баса назар аударған.
Оның нәтижесі жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарға айтарлықтай серпін бергеніне тоқталды.
Мұның алдында Тоқаев Палестина Президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлескен еді.