Ұшақ билеттері қымбаттауы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бұған әуе билеттерін кері қайтару түрткі болмақ / Фото: Shutterstock
Бұған әуе билеттерін кері қайтару түрткі болмақ / Фото: Shutterstock

Ұшақ билеттері қымбаттауы мүмкін. Қазақстанда толық қайтарылатын әуе билеттерді енгізу ұсынылып отыр.

Мұндай норма тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жаңа заң жобасында қарастырылған.

Tengri Travel хабарлауынша, Көлік министрлігінде жолаушылар билеттерді шығынсыз қайтара алатын болса, бұл әуе билеттерінің бағасына әсер ететінін ескертті.

Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың айтуынша, тарифке толық қайтарылатын билеттердің құнын енгізу рейстердің қымбаттауына әкелуі мүмкін. Өйткені, әртүрлі себептермен кейбір жолаушылар рейске келмей қалады.

 «Бұл – логикалық салдар. Билет толық қайтарылатын болса, онда бұл шығындар сол рейске келген басқа жолаушыларға біркелкі бөлінеді. Яғни келмеген, бірақ 100 пайыз өтемақы алған адам үшін тасымалдаушының табыс көзі тек өз қызметі үшін төлем болады. Сондықтан, бұл шығындар басқа жолаушыларға жүктеледі. Жалпы алғанда, тарифтердің өсуіне себеп болуы мүмкін», – деді ол.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жаңа заң жобасында әуе тасымалдаушыларға бақылауды күшейту ұсынылатынын мәлімдеген. Сонымен қатар, құжатта әуе билеттер қайтарылған жағдайда компания билет құнының тек 10 пайызын ғана өзіне қалдыра алатыны көрсетілмек.

Айта кететін жайт, кейбір қазақстандық әуекомпаниялары қысқы маусымда Кутаиси (Грузия) мен Үрімші (Қытай) бағыттарындағы халықаралық рейстер билетіне жеңілдік жариялады.

Сондай-ақ оқыңыз