Зайсан мен Катонқарағайға әуе билеті қанша теңге болады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Зайсан, Катон-Қарағай және Кендірлі әуежайларының құрылысына қатысты KursivMedia тілшісінің сұрақтарына жауап берді.

Вице-министрдің айтуынша, үш нысанның да құрылысы биыл басталған және жұмыс қарқыны белгіленген кестеге сай жүріп жатыр.

«Келесі жылдың соңына дейін барлық үш әуежайдың құрылысын толық аяқтаймыз. Зайсан әуежайын келесі жазда ашу жоспарланған. Одан кейін Катон-Қарағай мен Кендірлі іске қосылады», – деді ол.

Ластаевтың сөзінше, әуе билеттерінің орташа бағасы 20 мың теңге шамасында болмақ.

«Билеттің құны сол бағыттарда субсидия берілетіндіктен, орташа бағасы шамамен 20 мың теңге аясында болады. Сол әуежайларға ұшатын компанимялардан Scat, Qazaqair компанияларының мүмкіндігі бар», – деді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылы туристерге арналған екі жаңа әуежай құрылысы басталатынын жазғанбыз. Қатонқарағай мен Зайсанда жаңа әуежай 2026 жылға қарай ашылады.

Сондай-ақ оқыңыз