Жаңалықтар

Әлем чемпионатының кубогы Алматыға келеді

фото: FIFA

Футбол әлеміндегі ең мәртебелі трофей FIFA Әлем чемпионатының кубогы Алматыға әкелінеді. Кубок Қазақстанға жаһандық тур аясында келеді.

Бұл тур Coca-Cola компаниясының ұйымдастыруымен өтіп, 6 құрлықтағы 50 елді қамтиды. Алматылық жанкүйерлер алтын кубокты небәрі бірнеше сағат бойы тамашалай алады. Көрме 26 қаңтарда Республика сарайында өтеді. Осыдан кейін кубок өзінің халықаралық сапарын жалғастырады.

FIFA мәліметінше, таза алтыннан жасалған, салмағы 6,142 кг болатын түпнұсқа кубок Цюрихтегі музейінен тек екі жағдайда ғана шығарылады:

– FIFA Әлем чемпионатының ресми туры кезінде;
– Әлем чемпионаты өтіп жатқан уақытта.

Іс-шараға билеттер extrazone.com сайтында және ExtraZone мобильді қосымшасында қолжетімді.

Еске сала кетейік, жазда өтетін Әлем чемпионатының жеребесі тартылған еді. Айтулы додаға алғаш рет шыққан көршілес Өзбекстан құрамасы азулы Портулагиямен кездеседі.