Анасының банк картасынан төрт ай бойы ақша ұрлаған ер адам ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Картадан миллион теңгеден астам қаржы алғаны анықталды / фото: KursivMedia мұрағаты
Картадан миллион теңгеден астам қаржы алғаны анықталды / фото: KursivMedia мұрағаты

Әзербайжанның Сумгайыт қаласында туған анасының банк картасынан төрт ай бойы ақша ұрлап келген ер адам ұсталды.

Report ақпаратына қарағанда, мұны құқық қорғау органдары әшкереледі.

Олардың мәліметінше, қала тұрғыны осы уақытқа дейін 4 244 манат ұрланған. Бұл – шамамен 1 100 000 теңге.

Сумгайыт қалалық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаны мұқият зерттеп, жәбірленушінің мобильді банк қосымшасына және карта шотына сырттан киберлік араласу белгілерін анықтай алмаған. Сондықтан «бұл ұрлыққа жәбірленушінің отбасы мүшелерінің бірінің қатысы бар» деген қорытындыға келеді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында жәбірленуші әйелдің ұлы Х. Ахмедов ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол төрт ай бойы анасының телефондағы мобильді банк қосымшасына жасырын кіріп, ақша қаражатын өз атына және жұбайының атына рәсімделген түрлі карталарға аударып отырыпты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Мұның алдында 19 мың доллар тұратын жұмыртқаны жұтып қойған ұрлықшы туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз