Армияда қазір «дедовщина» жоқ – министрдің орынбасары

Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіров Қазақстан армиясында қазір «дедовщина» жоқ деп мәлімдеді
Мәжілісте журналистер Әубәкіровтен Қазақстан армиясындағы қарым-қатынас жөнінде сұрақ қойды. Министрдің орынбасары бұған дейін әлеуметтік желілерде әскери киім киген бір адам сапта тұрған азаматтарды сабап, былапыт сөз айтқан видео – кино екенін мәлімдеді.
«Бұл фильм болатын. Ол фильмнің «Баткен» деп аталады. Ол видеода қазақ тіліндегі аудионы қосып, таратып жіберген. Қазір армияда «дедовщина» жоқ. Мен оны ашық мәлімдей аламын», – дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Үкімет «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысын бекітті. Осыған орай, 2026 жылы 2 жыл мерзімге 859 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі әскери кафедраларға жаппай ревизия жүргізгелі жатыр.