Астанада бастауыш сынып оқушылары онлайнға оқиды
Жарияланды

Ертең Астанада ауа райының нашарлауына байланысты барлық мектептерде бастауыш сынып оқушылары қашықтықтан оқуға жіберіледі. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
«Ауа-райының нашарлауына байланысты 11 желтоқсанда бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді», – деп хабарлады әкімдік.
Бүгін, 10 желтоқсанда, бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқуға мәжбүр болған.
Айта кетейік, «Қазгидромет» ақпаратына сүйкес, еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында синоптиктер қар, боран, көктайғақ, желдің күшеюін, жекелеген аудандарда қалың қар болжайды.