
2025 жылы дәрігерлер феталдық хирургияның арқасында құрсақтағы 105 сәбидің өмірін сақтап қалған.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Биыл Қазақстан жүкті әйелдерге мамандандырылған көмектің қолжетімділігін кеңейтті. Туа біткен даму кемістіктерін ерте анықтау жүйесін күшейтті. 18 перинаталдық орталықтың базасында «Бір күндік клиникалар» жұмыс істейді. Онда 100 мыңға жуық жүкті әйел бір реттік келу шеңберінде зерттеп-қарауларды қоса алғанда, 500 мыңнан астам қызмет алды», – делінген хабарламада.
Бұл бағдарламаның арқасында ұрықтың туа біткен кемістіктерін анықтау 13%-ға өскен. Пренаталдық скринингтермен қамту 8%-ға ұлғайған. Даму кемістіктерінен нәресте өлімінің 15%-ға және мүгедектік 7,5%-ға төмендеген.
Бұған жоғары технологиялық көмекке келіп отыр. Феталдық хирургия енгізілді. 2025 жылы 92 жатырішілік ота жасалса, 105 болашақ нәрестенің өмірі сақталды. Көп ұрықты 79 жүкті әйел сәтті босанған.
Мұның алдында ЭКО ұрықтандыру арқылы Ақтөбеде 26 егіз дүниеге келгені туралы ақпарат шықты.