Жаңалықтар

Зейнетақы қорынан қаржы алу: Қорда қалуы тиіс қаржының шекті мөлшері өсті

фото: ашық дереккөзден

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алуға болатын ең төменгі жеткіліктілік шегі 2026 жылы орта есеппен 10%-ға өседі. Бұл көрсеткіш келесі жылға жоспарланған инфляция болжамына сәйкес келеді, деп хабарлады БЖЗҚ.

Ең төменгі жеткіліктілік шекі – зейнетке шыққан кезде адамға ең төменгі зейнетақыдан кем емес ақша төлеуге жетуі керек зейнетақы шотындағы ең аз сома.

Бұл шектер әр жастағы азаматтар үшін жеке белгіленеді әрі зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу құқығын беру үшін қолданылатын негізгі критерий деп саналады.

Жеткіліктілік шек мынадай әлеуметтік көрсеткіштерге негізделіп есептеледі:
— ең төменгі зейнетақы мөлшері,
— ең төменгі жалақы,
— күнкөріс минимумы,
— сондай-ақ инфляция деңгейі.

«Нәтижесінде 2026 жылы ПМД мөлшерлері орта есеппен 10%-ға өседі. Бұл қазіргі және болжамды инфляция деңгейлеріне сәйкес келеді», – деп хабарлады БЖЗҚ.

Мәселен

25 жаста үшін ең төменгі шекті мөлшер 3,8 млн теңгеден 4,4 млн теңгеге,
30 жаста 4,58 млн-нан 5,1 млн теңгеге,
40 жаста 6,1 млн-нан 6,7 млн теңгеге,
50 жаста 7,86 млн-нан 8,6 млн теңгеге көтеріледі.

Еске салайық, 2026 жылдан бастап зейнетақы жарналарының сомасы да өзгереді. Ол туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Тағы бір жаңалық. Зейнетақы қорындағы қаржыны несие мерзімін қысқарту үшін немесе ипотеканың ай сайынғы төлемін азайту үшін  де пайдалануға болады.