«Кітап оқыңдар»: Аустралия жасөспірімдерге әлеуметтік желіге кіруге ресми тыйым салды

Аустралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салған әлемдегі алғашқы мемлекет болды. Енді жасөспірімдер TikTok, YouTube, Instagram және Facebook сияқты платформаларды еркін пайдалана алмайды деп жазады ВВС.
«Мектеп каникулын мүмкіндігінше тиімді өткізіңіздер. Телефонға телміріп отырмай, жаңа спорт түрімен айналысып көріңіздер, жаңа музыкалық аспапта ойнауды үйреніңіздер немесе көптен бері сөреде жатқан кітапты оқып бастаңыздар», – деді Аустралия премьер-министрі Энтони Албанезе заңның күшіне енуіне байланысты жасаған видеоүндеуінде.
Жаңа заңға сәйкес, егер платформалар жасөспірімдердің өз сервистеріне кіруін шектеу үшін қажетті шараларды қабылдамаса, олар 33 млн долларға дейін айыппұл төлеуі мүмкін.
Қазіргі уақытта тыйым 10 платформаға қолданылады, бірақ Аустралия үкіметі жастар жаңа сервистерге көшкен сайын бұл тізімнің толықтырылып отыратынын айтты. Тіпті жасөспірімдердің ата-анасы рұқсат берсе де, заң бойынша пайдала алмайды.
Бұл мәселе Қазақстанда да көтерілген. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салу туралы бастама көтеріп, ЖИ министрлігіне сауал жолдаған. Бірақ жасанды интеллект вице-министрі Дмитрий Мун әзірге мұндай шектеулер бола қоймайды деген еді.