Қазақстан U19 құрамасының Еуро-2026 элиталық кезеңіндегі қарсыластары анықталды
Жарияланды

19 жасқа дейінгі футболдан 2025/26 жылғы Еуропа чемпионатының элиталық кезеңіне жеребе тартылып, Қазақстанның U19 жасөспірімдер құрамасы 5-топқа түсті. Бұл топта қазақстандық жас футболшылар Украина, Румыния және Солтүстік Ирландия құрамаларымен сынға түседі.
Элиталық кезең ойындары 2026 жылғы 25–31 наурыз аралығында Румынияда өтеді. Турнирдің бұл сатысына барлығы 28 құрама қатысып, жеті топқа бөлінген. Әр топтың жеңімпазы 2026 жылдың 28 маусымы мен 11 шілдесі аралығында Уэльсте өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.
Финалдық кезеңге турнир қожайыны ретінде Уэльс құрамасы автоматты түрде қатысады.
Еске сала кетейік, Қазақстанның U-19 жасөспірімдер құрамасы Еуро-2026 элиталық турниріне алғаш рет жолдама алды.