
Астанада Тәуелсіздік күніне құрметті өзгеше форматта көрсете білген дүкен көпшіліктің назарын аударды. Елордағы Шәмші Қалдаяқов көшесі, 44 мекенжайында орналасқан «Әзірет» азық-түлік дүкені көк түсті шарлар мен көк туымызды іліп, сауда орнын мерекеге орай әсем безендірген.
Бұл игі бастамаға Нұрлан Қоянбаев та қолдау білдіріп, дүкенге арнайы барып, өз әсерімен әлеуметтік желіде бөлісті. Сонымен қатар Threads желісіндегі zzhantaeva21 есімді қолданушы дүкеннің бастамасын көпшілікке жеткізіп, маңызды ой қалдырған.
«Жаңа жыл деген әрине жақсы, бірақ бұдан да маңызды мереке келе жатқанын ұмытпауымыз керек!», — деп жазды желі қолданушысы.
Желі қолданушылары бұл идеяны жылы қабылдап, әлеуметтік желілер мен 2GIS платформасында дүкен басшысына алғыстарын жаудырып, ізгі тілектерін білдіріп жатыр.