Әсел Жанасова президент әкімшілігі басшысының орынбасары болды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Әсел Жанасова
фото: Ақорда

Президент жарлығымен Әсел Жанасова президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

37 жастағы топ-менеджер 2025 жылғы маусымда «Қазпошта» басқарма төрағасы қызметінен кеткен. Жанасова оны үш жыл басқарған. Содан кейінгі бес айда президент кеңесшісі болған.

Кембридж университетінде білім алған Әсел 2020-2022 жылдары сауда вице-министрі қызметін атқарған. Ал оның алдында Ұлттық банкте, «Астана» қаржы орталығында, сонымен бірге «Зерде» холдингінде істеген.

Қазір мемлекеттік кеңесші қызметін Ерлан Қарин, президент әкімшілігінің басшысы лауазымын Айбек Дәдебай атқарып отыр. Ал оның орынбасары қызметіне 2025 жылғы қыркүйекте Ерболат Досаев тағайындалған. Алматы қаласын үш жыл басқарған шенеуніктің осы қызметте қалатыны немесе кететіні туралы Ақорда ештеңе жазбады.

Сондай-ақ оқыңыз