Алматы қаласының 2026 жылғы бюджеті (инфографика)

Жарияланды 10 Желтоқсан 2025 13:44

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Алматы қаласы Нұрлытау
фото: shutterstock

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қалалық мәслихатқа 2026 жылға арналған бюджет жоспарын таныстырды. Қазақстанның ең ірі доноры алдағы жылы 2,5 трлн теңге табуды көздеп отыр, бірақ шығын одан артық – 2,8 трлн теңге.

Kursiv.Media шаһар бюджетіндегі айырмашылықты инфографикамен түсіндіреді.

Алматы 2026 бюджеті

Алматы қаласының 2026 жылғы бюджеті

Неге шығын кірістен көп?
Жергілікті түсімдер
2,5 трлн ₸
Қаланың өзінде жиналатын кіріс
Жалпы шығын
2,8 трлн ₸
Барлық жұмсалатын қаржы
300 млрд теңге айырма қайдан шықты?
Бұл ақша республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер ретінде қайтарылады.
Алматы – негізгі донор қала: орталыққа көп ақша береді, бірақ орталықтан кері қайтарып алады.
Сондықтан шығын кірістен артық – бұл дефицит емес, қосымша қаржыландыру.
Республикалық бюджетке қаражат аудару:

2025 жыл → 250 млрд ₸
2026 жыл → 491 млрд ₸ (2 есеге жуық өсім)

2025–2027 жылдар аралығында жалпы → 1,8 трлн ₸
Шығыстың ⅓ бөлігі (шамамен 930 млрд ₸) экономикалық өсім мен ірі инвестициялық жобаларға бағытталады.
Алматы – Қазақстанның басты донор қаласы • 2026 жылғы бюджет жобасы
Сондай-ақ оқыңыз