Жаңалықтар

Тоқаев мемлекеттік органдарға жеке ІТ-жүйеге көшуге тыйым салды

Токаев ввел мораторий на новые IT-системы госорганов
фото: Ақорда сайтынан

Бүгін Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы» туралы заңға қол қойды.

Президенттің жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы ұйымдардың жеке IT жүйе құруына мораторий енгізілді. Яғни барлығы бірдей QazTech «электрондық үкіметі» ақпараттық-платформасының аясында жұмыс істеуі керек.

Ал жаңа ақпараттық өнімдерді QazTech платформасында дайындау мүмкін болмаған кезде әрбір жағдайды Президент жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия қарайды.

QazTech Ltd. компаниясы 2025 жылы 9 сәуірде тіркелген. «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ және BTS Digital ортақтасып құрған. Жаңа компания IT жобалар басқарумен, бағдарламалық қамтамасыз етумен айналысады. Халықаралық «Астана» қаржы орталығының базасында тіркелген.

Осы жылы тамызда Тоқаев арнайы кеңес өткізіп, Қазақстан бес жылда цифрлық мемлекетке айналуға тиіс деген тапсырма берген еді. Соның аясында бүкіл мемлекеттік және квазимемлекеттік цифрлық экожүйені біртұтас QazTech платформасына көшіру туралы да айтқан. Бұл шешімін деректерді қорғау мәселесімен түсіндірді.