Lifestyle

Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісін көрсетті

фото: instagram

Жігер Ауыпбаев Instagram парақшасында романтикалық сипаттағы жазба жариялап, желі қолданушыларының назарын өзіне аудартты.

Әнші өз постында:

«Арасы 15 жас болса қалай? Кішкентай қыз, сендегі қиял бөтен, Сен туралы сезіммен жиі әндетем. Сенің сол бір кішкентай жүрегіңе Мендегі таудай сезім сияр ма екен..» деп жазған.

Бұл жазба әлеуметтік желіде түрлі пікірлерге себеп болды. Кейбір қолданушылар мұны поэтикалық образ немесе болашақ әннің мәтіні деп қабылдаса, енді біреулері жазбаның мазмұнына алаңдаушылық білдірді. Әсіресе «арасы 15 жас» және «кішкентай қыз» деген тіркестер көпшіліктің қызу талқылауына түрткі болды.

Айта кетейік, Жігер Ауыпбаев бұған дейінгі әйелімен «көңілі жараспай» ажырасқанын жариялаған еді.