Америкалық Papa John’s пицца желісі Қазақстан мен Қырғызстандағы жұмысын тоқтатты

Америкалық Papa John’s мейрамханалар желісінің франшизасы Қазақстан мен Қырғызстанда түгел жабылды. Бұл жайлы франшизаны иеленген ресторатор Данияр Монолбаев парақшасында жазды.
Кәсіпкердің түсіндіруінше, мейрамханалар жабылуына жалпы түсімнің төмендеуі, шығындардың артуы және басқа да мәселелер себеп болған.
«Қолда бар қаражат жалақы, салық, ғимаратты жалға алуға, қарыздардың жартысын жабуға жұмсалды», – деп түсіндіреді ол.
Жабылған мейрамханалардың басым көпшілігі өзге компанияларда жұмысын жалғастырады.
Papa John′s пиццериялары әлемдегі ірі желілердің бірі деп саналады. Қазақстанда 2017 жылы жұмысын бастаған. 2025 жылы қарашада Алматыдағы Papa John′s-тың алты нүктесінің орнына өзбектің Bellissimo Pizza мейрамханалары ашылады деп жазған еді.