«Бәйтерек» холдингі Ұлттық қордан алған 23,5 млрд теңгені қайтарды

«Байтерек» ұлттық басқарушы холдингі Ұлттық қор алдындағы 23,5 млрд теңге көлеміндегі міндеттемесін мерзімінен бұрын өтеді. Бұл туралы холдинг баспасөз қызметі хабарлады.
2014 жылы холдинг Ұлттық қордан 20 жыл мерзімге қаржы тартып, оны 2015–2019 жылдарға арналған Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жобаларын қолдауға бағыттады. Қаржыландыру аралас модельмен іске асырылды: Ұлттық қордан бөлінген әр 1 теңгеге қосымша 2 теңге басқа көзден тартылған.
Қаражат «Қазақстанның Даму Банкі» арқылы беріліп, банк жобаларды бағалап, құрылымдады. Нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі, көлік, логистика, энергетика және инфрақұрылым салаларында 13 ірі жоба қаржыландырылды.
Олардың қатарында теміржол дөңгелектері өндірісін іске қосу, минералды тыңайтқыш зауытын жаңғырту және елді мекендерге газ жүргізу жобасы бар.
Холдинг 2016–2024 жылдар аралығында осы жобалардың экономикалық қайтарымы айтарлықтай артты деп тұжырымдайды.
Өндіріс көлемі 16,2 млрд теңгеден 390,9 млрд теңгеге дейін өссе, экспорт 0,17 млрд теңгеден 99,5 млрд теңгеге дейін көбейді. Бұл көрсеткіштер бөлінген қаражаттың нақты нәтижеге жеткізгенін айғақтайды.
«Бәйтеректің» жыл соңына дейін инвестициялық холдингке айналатыны жайлы қазанда хабарланған. Осы арқылы 2029 жылға дейін ЖІӨ-ді екі есе көтерілмек.