Боксшы Теміртас Жүсіпов IBA әлем чемпионатында қола медаль иеленді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Теміртас Жүсіпов
Боксшы Теміртас Жүсіпов IBA әлем чемпионатында қола медаль иеленді / Фото: olympic.kz

Теміртас Жүсіпов Дубайда өтіп жатқан бокстан ерлер арасындағы IBA Әлем чемпионатының қола медалінің иегері атанды. Ол ресейлік Эдмонд Худояннан жеңілді.

Осылайша 2021 жылғы Әлем чемпионатының алтынына Теміртас Жүсіпов 2025 жылғы әлем чемпионатының қоласын қосты.

Бүгін Дубайда бокстан ерлер арасындағы IBA әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер басталды. Қазақстандық спортшылардан бірінші рингке Теміртас Жүсіпов (48 кг) шықты.

Ерлер арасындағы IBA Әлем чемпионаты – 2025

1/2 финал

48 кг. Теміртас Жүсіпов – Эдмонд Худоян (Ресей) – 0: 5

Жартылай финалда Жүсіпов төрешілердің бірауыздан шешімімен 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері ресейлік Эдмонд Худояннан жеңіліп қалды. Осылайша біздің боксшы турнирдің қола медалінің иегері атанды.

Жүсіповтен басқа, жартылай финалда Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (63,5 кг) және Абылайхан Жүсіпов (71 кг) өнер көрсетеді.

Сабыржан Аққалықов (75 кг) финалға жекпе-жексіз шықты, өйткені оның қарсыласы, World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионы-2025 өзбекстандық Фазлиддин Еркінбоев жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

IBA турнирі 3–13 желтоқсан аралығында Дубайда өтіп жатыр. Чемпионатта 13 салмақ дәрежесі белгіленген. Байрақты бәсекенің жүлде қоры да салмақты. Жеңімпаз спортшы 300 мың доллар, күміс жүлде иегерлеріне – 150 мың доллар, қола жүлдегерлерге – 75 мың доллар, ал ширек финалистерге 10 мың доллар беріледі.

Сондай-ақ оқыңыз