Еңбек министрлігі ең көп жалақы төленген мамандықтарды атады

Еңбек және халықты қорғау министрлігі еңбек биржасында 101,1 мың вакансия жарияланғанын хабарлады. Оның 70 пайыздан астам бөлігі біліктілікті талап еткен.
Қанша түйіндеме орналастырылды
Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылдың қараша айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында (Enbek.kz) 101,1 мың вакансия жарияланған. Олардың 73% – біліктілікті талап ететін лауазымдар. Алдыңғы аймен салыстырғанда жалпы вакансиялар саны 23%-ға, оның ішінде білікті мамандарға арналған вакансиялар 26%-ға азайды. Өз кезегінде үміткерлер 101,3 мың түйіндеме орналастылған. Бұл қазан айымен салыстырғанда 11%-ға төмен.
Қарашада вакансиялар жалпы азайғанына қарамастан, бірқатар салаларда оң динамика байқалды. Мысалы, вакансиялар саны: тау-кен өндіру өнеркәсібінде 26%-ға (+344 бірлік) өсіп, 1,7 мыңға жетті; әкімшілік қызмет көрсету саласында – 19%-ға (+368 бірлік) өсіп, 2,3 мыңға; ауыл шаруашылығында – 11%-ға (+828 бірлік) өсіп, 8,3 мыңға; тұру және тамақтандыру қызметтері саласында – 2%-ға өсіп, 1,8 мың вакансияға жетті.
Қандай вакансиялар азайды
Вакансиялардың ең көп қысқаруы ойын-сауық және демалыс қызметтері саласында байқалған (55% – 3 мың бірлік) азайып, 2,4 мыңға, мемлекеттік басқаруда – 40%-ға (-3,4 мың бірлік) азайып, 5,2 мыңға; энергетикада – 38%-ға (-1,5 мың бірлік) төмендеп, 2,4 мың вакансияға дейін қысқарды. Өзге салаларда төмендеу үрдісі біршама бәсең болған.
«Вакансиялар санының азаюы маусымдық факторлармен байланысты – ең алдымен, жылыту маусымының басталуына орай түрлі салалардағы кәсіпорындардың қазандық қондырғылары үшін кадрларды жасақтау процесі аяқталғаннан кейін мұндай жұмыс күшіне деген сұраныстың төмендеуімен түсіндіріледі», – делінген хабарламада.
Қандай мамандықтарға сұраныс жоғары
Өңірлік тұрғыдан алғанда, қараша айында Жетісу облысынан басқа (+11%, 2,7 мыңға дейін) барлық өңірлерде вакансиялардың азаюы байқалды. Ең көп қысқару Батыс Қазақстан (-4,7 мың, 3,7 мыңға дейін), Жамбыл (-3,8 мың, 5 мыңға дейін) және Атырау (-2,5 мың, 4 мыңға дейін) облыстарында, тиісінше 124%, 75% және 61%-ға дейін тіркелген. Вакансияларды орналастыру саны бойынша көш бастап тұрған өңірлер – Түркістан облысы (11,1 мың), сондай-ақ Астана (9,3 мың) және Алматы (7,2 мың) қалалары. Бұл үш өңір қараша айында жарияланған барлық вакансиялардың ширегінен астамын құрады.
Ең сұранысқа ие мамандықтар: мейірбике/мейіргер – 1,9 мың, санитар – 1,8 мың, тәрбиеші және автомобиль жүргізушісі – әрқайсысы 1,5 мың бос жұмыс орындары.
«Қараша айында ең жоғары жалақы деңгейлері бас құрылысшыларға (640 мың теңгеден бастап), өндірістік учаске бастықтарына (595 мың теңгеден бастап) және авиациялық диспетчерлерге (568 мың теңгеден жоғары) ұсынылды. Ал ең жоғары жалақы күту деңгейі пилоттарда (орташа 1,9 млн теңге), коммерциялық ұйымдардағы IT-бөлім басшыларында және бас геологтарда (шамамен 1,2 млн теңге) байқалды», – делінген хабарламада.
Осылайша, 2025 жылдың қарашасында Enbek.kz алаңында жұмыс берушілер мен үміткерлер белсенділігінің төмендеу үрдісі жалғасты. Бұл, ең алдымен, маусымдық түзетулерге байланысты. Сонымен бірге салалық және біліктілік тұрғысынан сұраныс пен ұсыныс құрылымы айтарлықтай өзгермеген.
2025 жылдың үшінші тоқсаны – еңбек нарығы туралы көп нәрсе айтатын кезең. Ресми дерекке сүйенсек, ел бойынша орташа айлық жалақы 429 368 теңгеге жетті.