Бишімбаевтар Салтанат Нүкенованың қырық күндік асына 1,5 млн теңге берген

Жарияланды
семья Бишимбаева
Сотқа Уәлихан Бишімбаев онлайн қатысты/фото: instagram/aitym

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың туысына – Бекзат Кемеловаға қатысты алаяқтық ісі қаралып жатыр. Оған шамамен бір миллион долларды алаяқтық жолмен иемденді деген айып тағылған. Сотта бұрынғы министрдің әкесі Уәлихан Бишімбаевтан куә ретінде жауап алынды.

2025 жылдың 11 желтоқсанындағы сот отырысында ол марқұм Салтанат Нүкенованың туыстарына ақша бергені жөнінде айтты. Сөзінше, күдікті Бекзат Кемелованың күйеуі Қайрат Кемелов Нүкенованың қырқына деп 1,5 млн теңге берген.

Қайрат Кемелов – Уәлихан Бишімбаевтың бөлесі.

«…1,5 млн теңге Қайратта болды. Ол ақшаны Нүкенованың әкесіне берді. Оны әйелім (Альмира Нұрлыбекова – ред.) Қайратқа қырық күндік асы үшін берген. Қайрат қалтасынан 1,5 млн теңгені шығарып, табыстады», – деді Уәлихан Бишімбаев.

Айтуынша, туыстарының ішінде Қайрат Кемеловтен басқа ешкім Нүкеновтермен араласпаған. Сол себепті бұл іске Кемелов өзі қосылған.

Бұған дейін отбасының адвокаты Ерлан Ғазымжанов Альмира Нұрлыбекованың миллион долларды 2017 жылы қолма қол ақшаға айналдырғанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз