Қазақстан азаматы Германиядағы банк шоттарын бұзды деген күдікпен ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Күдікті ұсталды/фото: shutterstock

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысында хакердің ұсталғанын хабарлады.

9 желтоқсанда ҰҚК Бас прокуратурасының үйлестіруімен Германияның Федералды қылмыстық полициясымен бірлесіп, киберқылмыс әрекетін тоқтату бойынша жұмыс істеген.

«Алматы облысында Қазақстан азаматы Германиядағы банк шоттары мен жеке деректерге заңсыз қол жеткізген деген күдікпен ұсталды. Ол келтірген залал алдын ала болжам бойынша бірнеше жүз мың еуроны құрайды», – делінген ақпаратта.

Тінту барысында техникалық деректер сақтау құрылғылары мен өзге де заттай дәлел тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз