Каспий теңізінде жер сілкінді
Жарияланды

Каспий теңізінде магнитудасы 3,8 болатын жер сілкінісі тіркелді. Дүмпу ошағы теңіз табанында Түркіменстанға жақын аймақта болған.
Жер сілкінісі Әзербайжанға да сезілген. Report агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Ғылым академиясының Сейсмологиялық қызметі орталығы хабарлаған.
Ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі Баку уақытымен таңғы 04:31-де тіркелген.
Эпицентр 39.934; 51.833 координаттарында, Түркменбашы қаласынан 96 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы теңіз түбінен 72 шақырым тереңдікте болған.
9 желтоқсанда Қазақстан мен Ресей шекарасында жер сілкінді. Алтай өңірінде дүмпу магнитудасы 5 балл болған еді.