MARCA: Темірлан Анарбеков – Чемпиондар Лигасының үздік қақпашысы

Испаниялық MARCA басылымы алматылық «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековты биылғы Чемпиондар Лигасының үздік қақпашысы деп таныды. 22 жасында турнирдің төрт ойынында 24 сейв жасап, ең көп голдың алдын алған ойыншы ретінде статистикалық көрсеткіш бойынша көш бастап тұр.
Темірлан Анарбеков Реал Мадридке қарсы ойында жарақатқа байланысты алаңға шықпағанымен, басқа матчтарда өзінің тамаша қақпашы қабілетін көрсетті. Әсіресе «Селтикке» қарсы екі матчта қақпасын таза сақтап, пенальти сериясында үш соққыны тоқтатқаны команданың іріктеу кезеңінде Чемпиондар Лигасына жолдама алуына шешуші ықпал етті.
«Мен сене алар емеспін. Командаласымның жарақатына байланысты алаңға шықтым және тек командама көмектесу туралы ойладым. «Қайратпен» Чемпиондар Лигасына жолдама алу – арманым орындалды. Пенальти сериясы кезінде қатты қобалжыдым, бірақ өз күшіме және жанкүйерлерімнің қолдауына сендім», – деді Темірлан Анарбеков.
Сейв жасау көрсеткіші матчқа қарамастан ең жоғары болып, бір ойында 6,2 сейв, ал гол алдындағы тиімді көрсеткіші 5,9-ды құрады. MARCA мәліметі бойынша, екінші орында Никита Хайкин («Будо/Глимт») тұр – 4,1.
Темірлан Анарбековтің жетістігі Қазақстан футболы үшін де үлкен мақтаныш. Чемпиондар Лигасындағы өнерімен ғана емес, биылғы қарашада Бельгияда өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде де тамаша нәтиже көрсетті. Қақпашы өзінің болашағына сенімді екенін, бірақ қазіргі жүрегі «Қайратта» екенін айтады.
Алайда, желіде Темірлан Анарбековтің «Қайраттан» кеткенін қалап жүргендердің қарасы көбейді.