Lifestyle

Мөлдір Мұқан тағы бір ән шығарды (видео)

Мөлдір Мұқан
фото: Яндекс Музыка

Продюсер, Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқан желіде жаңа туындысының тағы бір үзіндісін жариялады. Бұл жаңалықты оқырмандарымен бөлісіп, қолдау көрсетіп жүрген тыңдармандарына алғыс айтты.

«Қолдап жатқандарыңызды көріп, жаңа әніміздің осы нұсқасымен де бөліскім кеп кетті. Жақсы көремін сіздерді, туысымдай болып кеткен алтын оқырмандарым», – деп жазды Мөлдір Мұқан.

Желі қолданушылары продюсердің жаңа әнін қызу талқылап, пікір қалдырып жатыр. Көпшілік жаңа туындының толық нұсқасын асыға күтетінін жазып жатыр.