Айдын Рақымбаевтың компаниясы қосымша 5,5 млрд теңге дивиденд төлемек

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Айдын Рақымбаев
Рақымбаев қосымша 5,5 млрд теңге дивиденд алмақ / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

BI Development Ltd. акционерлері 2024 жыл қорытындысы бойынша компанияның 76,03 млрд теңге көлеміндегі таза кірісті бөлу тәртібін қайта бекітті. Қабылданған шешімге сәйкес, таза пайданың 38,16 млрд теңгесі компанияның одан әрі дамуына бағытталып, оның өзінде қалдырылады. Сонымен қатар акционерлерге тағы 5,56 млрд теңге көлемінде дивиденд төлеу жоспарланып отыр.

Бұл сома бұған дейін жарияланған 32,31 млрд теңге дивиденд төлеміне қосымша ретінде қарастырылған.

BI Development Ltd. және оның еншілес ұйымдары BI Group холдингінің құрамына кіретін және бірыңғай бақылауда жұмыс істейтін құрылым ретінде айқындалады.

2024 жылғы 23 тамызда компания атауы «Residence Development Group» Ltd.-ден BI Development Ltd. болып өзгертілді. Компания топ ішінде басқарушы компания рөлін атқарады.

BI Development Ltd.-ның тікелей бас ұйымы — BI Group Ltd., ал топтың түпкілікті бақылаушы тұлғасы — Айдын Рақымбаев.

Айдын Рахымбаев бүгінде Forbes Kazakhstan тізімінде ең бай 10 қазақстандықтың қатарында. Оның байлығы шамамен 967 млн доллар деп бағаланады.

Сондай-ақ оқыңыз