Жантүршігерлік жол апаты: төрт адам қаза болды

Жарияланды (жаңартылды )
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: taldykorganec.insta_

10 желтоқсан күні Алматы – Өскемен тас жолында екі жеңіл көлік соқтығысып, қайғылы оқиға тіркелді. Оқиға салдарынан төрт адам қаза болды.

Алдын ала деректер бойынша, ауа райы күрт нашарлап, жол тайғақ болуына байланысты KIA автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. Содан Toyota көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Апат салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы төрт жолаушы әртүрлі деңгейдегі жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыз