Пашинянның ұшағы дрон шабуылынан Мәскеуге қона алмады

Армения премьер-министрі Никол Пашинян мінген ұшақ дрондар шабуылынан Мәскеу әуежайларына қона алмады.
Өйткені, бейсенбіге қараған түнде «Ковер» дабылы қосылған. Бұл туралы Baza телеграм-арнасына сүйеніп, НГ хабарлады.
Ұшақ Мәскеуге қонуға рұқсатты шамамен бір сағат күткен. Бірақ кейін Санкт-Петербургтегі Пулково әуежайына жіберген.
ТАСС дереккөзіне сәйкес, әуе диспетчерлері ұшақтың Мәскеу уақытымен 11:30-ға дейін Санкт-Петербургтен әлі ұшып шықпағанын айтқан. Пашинян Мәскеуде өтетін Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Үкіметаралық кеңесі отырысына қатысуы тиіс.
Өткен түні Мәскеуге жасалған дрондар шабуылы соңғы айлардағы ең ауқымды шабуылдардың бірі болды. Мәскеу мэрі Сергей Собянин жариялаған дерек бойынша, 11 желтоқсанда түн жарымынан кейін астанаға қарай ұшқан 37 дрон атып түсірілген.
Айта кететін жайт, Армения премьер-министрі Пашинян қазақша ән тыңдап, «жүрекше» көрсеткен болатын.