Президент Тоқаев Ашхабад қаласына барды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Президент Ашхабад қаласына барды / Фото: Ақорда

Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форумға қатысу үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабад қаласына келіп, Түрікменстан халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен әуежайда кездесіп, келіссөздер жүргізді.

«Бұл басқосу Түрікменстанның жаһандық ауқымдағы ахуалды тұрақтандыруға, сондай-ақ Орталық Азиядағы достық пен ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынасты нығайтуға қосқан тағы бір елеулі үлесі болмақ», – деді Тоқаев.

Ол Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарына оң баға беріп, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.

Бердімұхамедов болса, Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына орайластырылған форумға қатысуға келгені үшін Қазақстан президентіне ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз