Құлазып жатқан жерді жасыл паркке айналдырған ташкенттікке 82 млн айыппұл салынды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Ол аумақты абаттандыруды 2022 жылы бастаған / Фото: бейнежазбадан кадр

Яшнабад ауданының тұрғыны Арсен Аванесян теміржол маңындағы қараусыз жатқан аумақты өз қаражатына абаттандырған.

Kun.uz ақпаратына қарағанда, ол елсіз жерді жасыл аймаққа айналдырғаны үшін жер заңнамасын бұзды деген айыппен жауапқа тартылды. Оған аумақты бастапқы күйіне  бос жерге айналдырып, қайтару жүктеліп отыр. Айыппұл мөлшері – 82,4 млн сум (3,6 млн теңге) болды.

Аванесянның сөзінше, ол аумақты абаттандыруды 2022 жылы бастаған. Шамамен 1,5 мыңға жуық ағаш-бұта отырғызып, суару жүйесін, жарықтандыру мен бейнебақылау орнатқан. Жұмысқа 300-ге жуық көршісі де тартылыпты. Су жетіспегендіктен өсімдіктердің үштен бірі қурап қалған. Өйткені, суару жүйесін жүргізу мүмкін болған.

«Өз паркіміздің болғанын қаладым», – дейді ол.

Аванесян бастаманы бастапқыда махалла комитетімен келісіп, жергілікті тұрғындардан қолдау алғанын айтады. «Хокимият та хабардар болды», – дейді ол.

Парк жасауға ол жеке қаражатынан 1 млрд сумнан астам қаржы және бірнеше жылдық еңбегін жұмсаған.

Қазақстанда биыл 2,4 миллионға жуық көшет отырғызылғаны туралы хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыз