Роза Рымбаева халықты елең еткізер жаңалығын айтты

Жарияланды 11 Желтоқсан 2025 09:18

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Роза Рымбаева не стала ждать опоздавших гостей на тое
фото: kursiv.media архиві

Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ музыкасының айнымас символы Роза Рымбаева сахнамен қош айтысуы мүмкін. Бұл туралы әнші «Сарасөз» бағдарламасында айтты.

Бағдарламада Роза Рымбаева өнердегі 50 жылдық мерейтойлық есеп беру кешіне қызу дайындалып жатқанын айтты. Әншінің айтуынша, алдағы мерейтойлық концерт үлкен сахнадағы соңғы кеші болуы мүмкін.

«Бұл – менің өнер жолымның ең маңызды кезеңдерінің бірі. Осы концерттен соң сахнамен қоштасуым мүмкін», – деді Роза Қуанышқызы.

Аңызға айналған әнші бұл кеште өзінің жарты ғасырлық өнер жолындағы ең әсерлі сәттерін қорытындылап, көрерменге жаңа қырын көрсетуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін, Роза Рымбаева үш рет депутаттықтан бас тартқанын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз