Сәкен Бибосынов IBA Әлем чемпионатының финалына шықты

Сәкен Бибосынов IBA қамқорлығымен Дубайда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалына шықты. Шешуші жекпе-жекте оған ресейлік Вячеслав Рогозин қарсы болады.
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (54 кг) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) қолдауымен Дубайда өтіп жатқан ерлер арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдамаға таласты.
IBA ерлер арасындағы Әлем чемпионаты 2025
1/2 финал
54 кг. Сәкен Бибосынов – Тапа Чандра Бахадур (Непал) – 5: 0
Жартылай финалда біздің спортшы бірауыздан шешімімен непалдық Тапу Чандра Бахадурды жеңді. Ертең, 12 желтоқсанда шешуші жекпе-жекте Бибосыновқа ресейлік Вячеслав Рогозин қарсылас болады.
Бүгін кешкі сессия барысында рингке Оразбек Асылқұлов (63,5 кг) және Абылайхан Жүсіпов (71 кг) шығады.
Сабыржан Аққалықов (75 кг) финалға жекпе-жексіз шықты, өйткені оның қарсыласы, World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионы-2025 өзбекстандық Фазлиддин Еркінбоев жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.
Айта кетейік, бұған дейін Теміртас Жүсіпов Дубайда өтіп жатқан бокстан ерлер арасындағы IBA Әлем чемпионатының қола медалінің иегері атанған еді.
IBA турнирі 3–13 желтоқсан аралығында Дубайда өтіп жатыр. Чемпионатта 13 салмақ дәрежесі белгіленген. Байрақты бәсекенің жүлде қоры да салмақты. Жеңімпаз спортшы 300 мың доллар, күміс жүлде иегерлеріне – 150 мың доллар, қола жүлдегерлерге – 75 мың доллар, ал ширек финалистерге 10 мың доллар беріледі.