Сот орындаушысы қарызы бар әйелді романтикалық кездесуге шақырып, ұстап алған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Сот орындаушысы оны әлеуметтік желіден тауып, хат жаза бастаған / фото: shutterstock
Сот орындаушысы оны әлеуметтік желіден тауып, хат жаза бастаған / фото: shutterstock

Татарстанда сот орындаушысы алимент төлемеген ресейлік әйелді романтикалық кездесуге шақырып, содан кейін ұстап алды.

Бұл туралы «Регнум» Telegram-арнасы хабарлайды.

Арнаның мәліметінше, күдікті – Елабуга қаласының тұрғыны. 120 мың рубль (800 мың теңгедей) қарызы бар әйел. Ол құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген.

Сот орындаушысы оны әлеуметтік желіден тауып, хат жаза бастаған. Кейін оны романтикалық кездесуге шақырып, кіреберіс алдында такси күтіп тұратынын ескерткен. Әйел сыртқа шыққан кезде, ол Федералдық сот орындаушылары қызметінің қызметкерлері отырған көлікке мінген.

Оны сол жерде ұстап, алимент төлемегені үшін әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қатар оған 60 сағаттық міндетті жұмыс та белгіленген.

Мұның алдында алимент төлемей, әкесін асыраудан бас тартқан ер адам 15 тәулікке қамалған еді.

Сондай-ақ оқыңыз