2026 жылы инсульт алған азаматтарға да тегін дәрі беріледі

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
денсаулық медицина
фото: shutterstock

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулар тізімі жаңартылады. Бұл туралы Kursiv.Media Астана қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Тізімдегі ауруға шалдыққан азаматтар мемлекет есебінен тегін дәрі-дәрмек алады. Бұған қоса, науқастарға медициналық бақылау мен талдау қызметтері де тегін көрсетіледі.

Жаңа тізімге аурудың тағы екі түрі еніп отыр. Олардың арасында инсульт та бар. Жүрек талмасына ұшыраған науқас бір жылдың ішінде мемлекет тарапынан тегін көмек алады.

Алайда тізімнен қант диабеті түсіп қалды. Үкімет осы санаттағы науқастарға медициналық көмек көлемі қысқармайды дегенімен, қоғамдық ұйымдар мұндай шешімге қарсы шыққан.

Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулардың жаңа тізімі

  1. Туберкулез
  2. ВИЧ-инфекция
  3. Созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы
  4. Қатерлі ісіктер
  5. Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары
  6. Алғашқы 6 айдағы миокард инфарктісі
  7. Жүйке жүйесінің дегенеративтік аурулары
  8. Орталық жүйке жүйесінің демиелинизациясы
  9. Сирек кездесетін аурулар
  10. Эпилепсия
  11. Инсульт (1 жылға дейін)
Сондай-ақ оқыңыз