Алматыда 50 шақты адам пойызда уланып, балалар ауруханаға түсті

Алматы қаласында бір топ жолаушы табиғи газбен ауланып, соның салдарынан 52 адам зардап шекті. Бірнеше бала аурухананың жансақтау бөліміне түсті.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға жеткізілген он баланың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
«Он баланың екеуі жансақтау бөлімін түсті. Қалғандары тұрғылықты мекені бойынша амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді», – дейді басқармадағылар.
Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы барғаны мәлім.
«Қазақстан темір жолы» оқиғаның Алматы-2 вокзалында болғанын растады. Адамдар көміртек тотығынан уланып қалған.
«Аталған оқиғаға Ұлттық тасымалдаушының қатысы жоқ. Улану жағдайы анықталған пойыз «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарамайды. Бұл құрам жеке меншік тасымалдаушыға тиесілі. Вагондар киностудияға түсірілім өткізу мақсатында берілген», – деп таратты ұлттық компания.
Қазір оқиғаның мән-жайын тиісті органдар анықтап жатыр.