Алматыда кемі сегіз автокөлікке ұрлыққа түскен күдікті ұсталды (видео)

Алматы полициясы автокөлікке ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады. Тергеу барысында оның сегіз қылмысқа қатысы бары анықталды. Бұл туралы ІІМ-нің сайты хабарлады.
Polisia.kz мәліметінше, 102-ге автокөлік ішінен бағалы мүлік ұрланғаны туралы арыз түскен. Іздестіру барысында бір күдікті ұсталды. Тексере келе оның тағы бірқатар қылмысқа қатысы бары анықталды.
«Біз көліктерге ұрлыққа түсумен айналысқан күдіктіні ұстадық. Қазір оның сегіз қылмыстық эпизодқа қатысы бары расталып отыр», – дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Күдікті қамауға алынған. Тергеу жүріп жатыр.
Полиция жариялаған видеода күдіктінің бірнеше көлікке түскен сәті, сонымен бірге ұсталған азаматтың өзі көрсетілген.
Жақында ғана Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы қаласында ұрлық азайды деп мәлімдеген.