Шымкент әкімі «Ордабасы» клубының 2 млрд теңге қарызы барын теріске шығарды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: ОКҚ

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» футбол клубының ешқандай қарызы жоқ екенін мәлімдеді. Шаһар басшысының айтуынша, клубтың 2 млрд теңге көлеміндегі дефициті туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Ордабасы» бюджетін қысқартты

Әкімнің сөзінше, қазіргі таңда клуб бекітілген кесте бойынша ғана қаржыландырылып жатыр, ал шығындар қысқартылған.

«2023 жылы мен қызметке келгенде, клубтың қомақты қарызы болды, өздеріңіз де білетін шығарсыздар. Қазір клубтың қарызы жоқ деп айтуға болады. Шығындар оңтайландырылды. Қаржыландыру белгіленген графикке сай жүзеге асып жатыр», – деді Сыздықбеков.

Футбол клубына инвестор табылды ма?

Әкім қазіргі уақытта клубты жекешелендіру бойынша әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл мәселе жақын арада аяқтау жоспарланып отыр. Дегенмен, нақты мерзім мен инвесторлардың аты-жөні әзірге жария етпеді.

Мұның алдында Ғабит Сыздықбеков экс-орынбасары Руслан Берденовқа жасалған шабуылға қатысты алғаш рет пікір білдірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз