Шымкент тұрғындары қанша жалақы алады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: kursiv.mediа архиві

Шымкентте бір қызметкердің орташа жалақысы 10%-ға өсіп, 334 мың теңгені құрады. Мұндай деректі өңір әкімі Ғабит Сыздықбеков  келтірді.

Әкім мәліметінше, жұмыссыздық деңгейі 1 800 отбасыға дейін төмендеп, 4,7%-ды құрады. 2024 жылы бұл көрсеткіш 4,8 пайыз болған.

«Инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу – халықты тұрақты табыс көздерімен қамтамасыз етудің негізгі тетігі. Биыл 34 мыңға жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысқан азаматтар саны 46 мыңнан асты. Соның нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны айтарлықтай азайды, жұмыссыздық деңгейі төмендеді», – деді Ғабит Сыздықбеков.

Сонымен бірге қала әкімі еңбекақысы төмен қызметкерлерге жалақыға үстемақы төленетінін атап өтті. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 11 млрд теңге бағытталған.

«Өңірдегі орташа жалақы көлемі 10%-ға өсіп, 334 мың теңгені құрады. Халықтың медианалық жалақысы 273,9 мың теңге деңгейінде», – деп мәлімдеді Сыздықбеков ОКҚ алаңында өткен брифингінде.

Ғабит Сыздықбеков Шымкент қаласын 2023 жылдың 5 қыркүйегінен бері басқарып келед.і Шенеунік мемлекеттік қызметке қалай келді? Мегаполис әкімі қандай істермен көзге түсіп жүр? Осы және басқа да деректерді Kursiv.media шолуынан оқи аласыздар.

Сондай-ақ оқыңыз