Шымкент әкімі алғаш рет Руслан Берденовке жасалған шабуылға пікір білдірді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Руслан Берденов возглавил Центр развития Алматы
Фото: parlam.kz

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков Астанада өткен брифингте өзінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовқа жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді.

Брифинг барысында журналистер экс-орынбасарына жасалған шабуылға қатысты әкімнің не себепті ресми мәлімдеме жасамағанын сұрады.

«Менің әкім ретінде ешқандай процеске араласуға құқым жоқ. Қылмыстық болсын, әкімшілік болсын, кез келген іс бойынша. Өйткені ол үшін арнайы органдар бар. Сот бар, ол шешім қабылдады. Менің қандай да бір пікір айтуға құқығым болған жоқ. Себебі бұл істі айналысқан органдар өз жұмыстарын атқарды. Әрине, менің араласуым бірінші кезекте тергеу барысына кедергі келтірер еді. Ал менің үнсіздігімнен хейтерлер көбейді дегенге келсек, ондай нәрсе болған жоқ», – деді Ғабит Сыздықбеков.

Сондай-ақ Сыздықбеков бұл шабуылға өзінің қатысы бар деген әңгімелерге де нүкте қойды.

«Ол кезде Берденовтің тағайындалғанына бір ай да болмаған. Оның «Водные ресурсы-Маркетинг» ЖШС-ға еш қатысы жоқ. Маған баспасөз қызметі көрсеткен, «ол келген соң қалада өзгерістер басталды, сол үшін оны шеттетті» деген сыбыстар – мүлдем шындыққа жанаспайды. Ол тек қызметке кірісіп, шаруаларға енді араласып жатқан. Одан кейін не болғанын өздеріңіз білесіздер, – деп толықтырды шаһар басшысы.

21 сәуір күні кешке, Шымкент әкімдігінің алдында атыс болып, әкімнің орынбасары Руслан Берденовтің ауыр жарақат алғаны туралы хабар тарады. Оны атқан күдікті оқиға орнында ұсталып, полиция қылмыстық іс қозғады.

4 айдан соң сот Ернар Жиембайды «Адам өлтіру» бабымен кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырған. Ал Берденов көп өтпей өз еркімен қала әкімі орынбасары қызметінен кеткен. Ол бұл қызметке ақпан айында келген болатын.  

Сондай-ақ оқыңыз