Lifestyle

Open AI ChatGPT-дің 5.2 нұсқасын таныстырды

Переписка с ChatGPT станет доказательством в суде
фото: ашық дереккөзден

OpenAI тапсырмаларды шешуде модельдің жұмысы айтарлықтай жетілдірілген ChatGPT 5.2 нұсқасы шыққанын жариялады. Компания деректеріне сәйкес, жаңа нұсқа 5.1-мен салыстырғанда екі есеге жуық жақсы нәтиже көрсетеді.

5.2 қатары үш қолдану нұсқасын қамтиды:

  • Максималды жылдамдыққа арналған Instant;
  • Көп сатылы және күрделі тапсырмаларға арналған Thinking;
  • Жоғары дәлдікке негізделген Pro.

5.2 нұсқасында кескіндерді өңдеу жақсартылған, яғни визуалды талдауға түрлі тапсырмалар орындауға болады. Сонымен қатар, модельдің білім базасы жаңартылды: енді ол 2025 жылдың 31 тамызына дейінгі деректерді қамтиды.

Бұл чат-боттың жұмысын жетілдіру үшін OpenAI компаниясы «Қызыл код» деген режим енгізді. Яғни басқа жобаларды ысыра тұрып, қызметкерлердің басым бөлігі 5.2 нұсқаны жетілдіруге атсалысты.

Еске салайық, 2026 жылдан бастап ChatGPT-мен төлем жасауға да болады. Яғни PayPal қолданушылары ChatGPT арқылы тауар сатып ала алады, ал сатушылар өз өнімдерін платформада орналастырып, сата алады.