
Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы бері Қазақстан мен одақққа мүше елдер арасындағы саудаөсаттық 90 пайызға артқан. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қазақстан интеграцияны тереңдетуге, экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және үшінші елдермен сауда байланыстарын күшейтуге мүдделі.
Биыл ЕАЭО елдері экономикалық өсімге серпін беруі тиіс бірқатар келісімге қол қойған. Солардың бірі – «IV Үлкен» Хаттама. Құжат одақтың базалық шартын жаңғыртып, оның институттарын жетілдіруге бағытталған.
Сонымен қатар БАӘ, Моңғолия және Индонезиямен жасалған халықаралық келісімдер ЕАЭО-ның сыртқы экономикалық кеңістігін кеңейте түспек.
ЕАЭС аясындағы электронды сауда көлемі 80 миллиард долларға жеткен.