Банк пен қаржы

Демалыс күндерге арналған доллар бағамы

доллар ұстаған қыз
фото: shutterstock

Доллар ай басынан бері үздіксіз қымбаттап жатыр. 12 желтоқсанда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сағат 15:30-ға дейінгі валюта саудасында 1 АҚШ доллары 522,38 теңге болды.Бұл – демалыс күндерге арналған ресми бағам.

Көк ақша бір тәулікте тағы 2,16 теңгеге күшейді. Он күн бұрын ғана 500 теңгеден төмен түскен доллар қайтадан нығайды. Құрама Штаттар валютасы бір жарым аптаның ішінде шамамен 23 теңгеге күшейді.

Доллар бағамының өсуі (1-12 желтоқсан 2025)

Соған қарағанда, осыған дейін теңгені нығайту үшін қыруар ақша жұмсаған Ұлттық банк (ҰБ) валюта саудасына бұрынғыдай белсенді түрде араласып жатпағанға ұқсайды. Оны KASE-де валюта саудасы көлемінен біртіндеп азайып келе жатқанынан да аңғаруға болады.

Елдегі валюта айырбастау мекемелерінде де доллар көтерілді. kurs.kz мәліметінше, 1 доллар Алматы қаласында 523 теңгеден қабылданып, 524 теңгеден сатылып жатыр. Астанада, әдеттегідей, бағам сәл жоғары – 520 және 527 теңге.