
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Сұлтанғазиев бір күн бұрын Алматыда пойызда уланып, ауруханаға түскен науқастардың жағдайы туралы мәлімет берді.
«11 адам ауруханаға, соның ішінде екі бала жақсақтау бөліміне түскен. Қазір олардың бәрінің жағдайы жақсы. Жансақтау бөлімінде ешкім қалмады – бәрі жалпы палатаға ауыстырылды», – деп жауап берді вице-министр Сенаттағы журналистер сауалына.
Естеріңізге сала кетейік, 11 желтоқсанда түстен кейін Алматы-2 вокзалында бір топ жолаушы табиғи газбен ауланып, соның салдарынан 52 адам зардап шеккен. 13 жедел жәрдем бригадасы оларды ауруханаға жеткізген. Бейсенбіде екі бала жансақтау бөлімінде жатқаны мәлім болған.
«Қазақстан темір жолы» ондаған адам көміртек тотығынан уланғанын растады. Ұлттық компания осы оқиғаға өзінің қатысы жоғын мәлімдеп, «вагондар киностудияға түсірілім үшін берілгенін» хабарлады. Әзірге қай студия екені белгісіз.
«Қазақфильм» баспасөз қызметінің өкілі Kursiv.Media тілшісіне киностудияның вокзалдағы оқиғаға қатысы жоғын айтты.