Жасөспірім мектепке қатысты жазбалары үшін ұсталды

Алматыда әлеуметтік желілерде мектеп атына қауіп төндірген жасөспірім ұсталды. Оның ата-анасы тәрбие міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылады, деп хабарлады Polisia.kz.
10 желтоқсанда Алматы полиция департаментіне мектепке қатысты қауіпті жазбалар жарияланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Белгісіз адамның аккаунтында қару-жарақ бейнеленген және мектептерге қатысты ықтимал зорлық-зомбылық туралы айтылған қауіпті сипаттағы жазба жазылған.
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері авторды жедел анықтады. Ол Наурызбай ауданының №207 мектебінің 8-сынып оқушысы болып шықты.
Жасөспірім полицияға түсіп, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді, заңсыз әрекеттердің салдары түсіндірілді. Ата-аналар тәрбие міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды.
«Полицияның ұстанымы айқын: кез-келген қауіп-қатер қатаң және дереу тоқтатылады. Бұл әзіл де, зиянсыз жазба да емес. Әрбір осындай хабарлама қоғамда дабыл қағады. Төтенше жағдай қызметкерлерін алаңдатады және қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Кінәлілер жасына және себептеріне қарамастан жауапқа тартылады. Полиция ата-аналарға жүгінеді: балалардың мінез-құлқын, олардың онлайн-белсенділігі мен қарым-қатынас шеңберін бақылау сіздің тікелей міндетіңіз болып табылады», – деп атап өтті Алматы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Полиция азаматтарды күдікті жазба туралы дереу хабарлауға шақырады. Интернеттегі цифрлық қауіпсіздік пен жауапкершілік мәселелері бойынша жасөспірімдер арасында жүйелі профилактика жүргізеді.