Қазақстанда қараша айында тұрғын үй саудасы бәсеңдеді

2025 жылдың қараша айында қазақстандықтар 39 973 тұрғын үй сату-сатып алу келісімшартын рәсімдеген. Бұл қазан айымен салыстырғанда 3,1%-ға аз.
krisha.kz мәліметінше, сұраныстың төмендеуі ең алдымен пәтер нарығына әсер еткен және дәл осы сегментте құлдырау байқалды.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жалпы мәміле санының ішінде:
- 31 222 – пәтерге қатысты,
- 8751 – жеке үйге қатысты.
Тұрғын үй ең көп сатып алынған өңірлер:
- Астана – 8861 мәміле (жалпы санының 22,2%);
- Алматы – 7443 мәміле (18,6%);
- Қарағанды облысы – 2731 мәміле (6,8%).
Ең аз тіркелген өңір– Ұлытау облысы:
барлығы 339 мәміле (0,8%).
Сұраныс қай өңірде артты, қай өңірде төмендеді
Айтарлықтай өсім байқалған өңірлер:
- Қызылорда облысы: +19,7%
- Қостанай облысы: +19,5%
- Жетісу облысы: +14,2%
Ең үлкен төмендеу тіркелген өңірлер:
- Маңғыстау облысы: –17,7%
- Ақмола облысы: –15,2%
- Атырау облысы: –12,7%
Пәтер нарығы: 4,1%-ға төмендеді
Қараша айында пәтер сатып алу-сату мәмілелері 4,1%-ға (1320 мәмілеге) азайды. Барлығы 31 222 пәтер сатылып, бұл жалпы келісімдердің 78,1%-ын құрады.
Пәтер саудасы бойынша көш басында:
- Астана – 27,9%
- Алматы – 21,9%
Екі бөлмелі пәтерлерге сұраныс жоғары
Қараша айында 11 888 екі бөлмелі пәтер сатылған.
Жеке үйлерге де сұраныс артып келеді
Қараша айында жер үйлерге қатысты сатып алу-сату мәмілелері 0,4%-ға артты. Барлығы 8751 үй сату мәмілесі тіркелген.
Сұраныс артқан өңірлер:
- Қызылорда облысы: +33,6%
- Жетісу облысы: +25,4%
Сұраныс азайған аймақтар:
- Маңғыстау облысы: –12,8%
- Шымкент қаласы: –12,1%
Жылдық көрсеткіш бойынша (2024 жылғы қарашамен салыстырғанда) мәмілелер саны 1,4%-ға өскен.
Айта кетейік, екінші деңгейлі банктер халыққа кепілсіз несие беруді азайтқан. 2025 жылы кепілсіз несиеге деген сұраныс төмендеп, керісінше халықтың ипотека, автокредит және мүлік кепілімен берілетін тұтынушылық қарызға қызығушылығы артты.