Lifestyle

Қазақстанның курорттық аймақтарына 3,8 миллионнан астам турист келді

Фото: kursiv.media

Қазақстанның курорттық аймақтарына 3,8 миллионнан астам турист келді

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстанның курорттық өңірлерінде 3,8 млн адам демалып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туристер саны 14%-ға артты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Жалпы келушілердің 16,5%-ын шетелдік туристер құрады, бұл қазақстандық курорттардың халықаралық деңгейде де сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Ең танымал курорт – Алматы тау кластері

Туристер арасында ең көп сұранысқа ие орын – Алматы тау кластері болды. 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында бұл аймаққа 2,2 млн адам келген. Бұл өңірдің экотуризм, тау шаңғысы және қала маңындағы демалыс бағыттарымен танымал екені белгілі.

Фото: shutterstock

Бурабай мен Маңғыстау – үздік үштікте

Екінші орында – Щучье-Бурабай курорт аймағы. Табиғаты көркем, орманды және көлді аймақта 373,1 мың турист демалған.

Фото: borovoe.kz

Үшінші орында – Каспий теңізінің жағалауына жақын орналасқан Маңғыстау курорт аймағы. Мұнда 308,8 мың адам тыныққан.

Фото: primeminister.kz

Басқа танымал аймақтар

Туристер арасында Балқаш көліне жақын орналасқан Балқаш туристік аймағы да танымал, оған 169,2 мың адам келген. Ал Жетісу облысындағы Алакөл курорт аймағына 147,1 мың турист барған.

Фото: shutterstock

Табыс – 154,7 млрд теңге

Курорттық аймақтарда туристерге қызмет көрсеткен орналастыру орындарының табысы 154,7 млрд теңгеге жеткен. Қазіргі таңда Қазақстанда туристерді қабылдайтын 1 876 нысан жұмыс істейді.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның 7 өңіріндегі тау-шаңғы локациялары жайлы жазған едік.